$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда кәсіпкерлердің шығынын өтеу ережесіне өзгеріс енгізіледі

Ерболат Досаев бизнесмендермен шығынды өтеуге жұмсалатын төлемдерді жеделдету мәселелерін талқылады

 

Алматыда кәсіпкерлердің шығынын өтеу ережесіне өзгеріс енгізіледі

Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаев алғашқы жұмыс сапары барысында Қаңтар оқиғасы кезінде жапа шеккен кәсіпкерлермен және бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

Е. Досаев кездесуде бизнесмендермен шығынды өтеуге жұмсалатын төлемдерді жеделдету мәселелерін талқылады.

Бұған дейін аймақтық комиссия шығынды өтеу бойынша механизмде кінәрат барын анықтап, өз тарапынан нақты ұсыныстар енгізген еді.

«Әкімдіктің ұсыныстары 2022 жылғы 1 ақпанда Ұлттық экономика министрлігімен жедел түрде келісіліп, үкіметтік комиссия деңгейінде мақұлданды. Бүгін шығынды өтеу ережесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі», — делінген хабарламада.

Зардап шеккен кәсіп иелері коммуналдық шығындарды төлеуден 3 айға, ал қаладағы коммуналдық меншікті жалға алушылар – 6 айға жалға алу төлемінен босатылады.

Серіктес жаңалықтары