Депутаттардың, министрлер мен әкімдердің еңбекақысын көтеруге тыйым салынды
Үкімет отырысында «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қаулыға өзгерістер енгізілді

2022 жылғы 1 ақпанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді.
Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік тізілімінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің веб-порталдарында жариялауға жатады.
«Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында «ҚР Парламенті депутаттарының, Үкімет мүшелерінің, барлық деңгейдегі әкімдердің еңбегіне ақы төлеуді арттыруға мораторий енгізу туралы» Қаулы қабылданды», - делінген Үкімет басшысының баспасөз хабарламасында.