ОПЕК+ қатысушылары қаңтар айында өндіру жоспарын орындай алмады

ОПЕК-тің жалпы орташа өндіру көлемі қаңтар айында тәулігіне 28,01 млн баррельді құрады

ОПЕК+ қатысушылары қаңтар айында өндіру жоспарын орындай алмады
Фото ашық дереккөзден

ОПЕК+ тобының өндірісі өткен айда тәулігіне 210 мың баррельге артқанымен жоспар бойынша күніне 400 мың баррель болуы тиіс еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ОПЕК-тің жалпы орташа өндіру көлемі қаңтар айында тәулігіне 28,01 млн баррельді құрады. Бұл көрсеткіш желтоқсан айына қарағанда төмен. Оның ішінде Сауд Арабиясында (тәулігіне +100 мың баррель), Нигерияда  (+50 мың), сондай-ақ БАӘ мен Кувейтте (әрқайсысы +40 мың баррель) өндірді. Алайда, мұнай Иракта тәулігіне 30 мың баррель және Ливияда 40 мың баррель жоспарлы межеден кем өндірілген.

Айта кетерлігі, бастапқыда 2022 жылдың қаңтарына қарай шектеулер тәулігіне 2,129 миллион баррельге дейін жеңілдейді деген болжам бар. Қазіргі уақытта бекітілген квотадан Алжир мен Габон елдерінде өндіріс көлемі асып түсті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.