31.01.2022, 21:44
Жаңалықтар
Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады
Шахматшы қыз Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Варшавада өткен әлем чемпионатында шахматтың «блиц» түрінен алтын және «рапид» бойынша күміс медаль иеленген жас шахматшыны жарқын жеңісімен құттықтады.
Бибісара Асаубаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, спорттағы мансабына қатысты алдағы жоспарымен бөлісті.
«Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын келешекте де лайықты қорғай беретініне сенімді екенін атап өтіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы