ШұғылҚазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 232 адамға жетті

«Компанияны тартып алмақшы»: қамаудағы кәсіпкер Қайрат Рейімов қысым көріп жатқанын айтты

Адвокаттың айтуынша, миллионер Дінмұхаммед Ыдырысов «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 80% акциясын Рейімовтен Алматы қаласы Полиция департаменті арқылы тартып алмақ

Фотоколлаж

«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімовке миллионер Дінмұхаммед Ыдырысов пен құқық қорғау органдары тарапынан қысым тоқтамай отыр дейді қамаудағы кәсіпкердің адвокаты Сәлімжан Мусин. Заңгер бүгін Алматыда журналистермен кездесіп, Рейімовтің Ыдырысов талап еткен 1,5 млрд теңгені қайтарып бергенін айтты. Алайда, құзырлы органдар бизнесменді қамаудан босатуға асығар емес. 

Күдікті ретінде Алматыдағы СИ-18 оқшаулау изоляторында отырған кәсіпкердің жаңа қорғаушысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа кезекті үндеу жасады.

Адвокат Сәлімжан Мусиннің айтуынша, «Алматыметроқұрылыс» акционері 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төрт траншпен миллионер Дінмұхаммед Ыдырысовтың жеке есеп шотына 1,5 млрд теңге аударған. Оны растайтын құжаттарды (төлем жолдамаларын) қорғаушы бүгін журналистерге көрсетті. Дінмұхаммед Ыдырысов және «Алматыметроқұрылыс» АҚ арасында 2014 жылдың 22 сәуірінде қарыз туралы шарт жасалып, оған сәйкес қазіргі таңда «Алматыметроқұрылыс» компаниясы Д.Ыдырысовқа толығымен қарызын қайтарды, осылайша келісімшарт бойынша тараптардың өз міндеттемелерін орындағаны айтылды.

«Дінмұхаммед Ыдырысов «Инженерлік қолдау» ЖШС-ден «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 39% акциясын алу туралы қалауын білдіріп отырған жоқ және «Алматыметроқұрылыс» АҚ-дан 1,5 млрд теңге көлеміндегі қарызды қайтарып беруді талап та еткен жоқ жоқ, оның орнына  толығымен ойдан құрастырған және ешбір құжатпен расталмаған негіз бойынша «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 80% акциясын Рейімовтан Алматы қаласы Полиция департаменті арқылы тартып алғысы келеді, жалпы ол «Алматыметроқұрылыстың» 100% акциясына көз салып отыр», - дейді С.Мусин.

Айта кетейік, Қайрат Рейімовке екі бірдей айып тағылып отыр. Біріншісі – «Bank RBK» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы А.Токаровтың 21.03.2019 жылы қол қойған 36 миллиард теңге көлеміндегі қарыз туралы талап арызы. Яғни бұл жерде RBK банкі мен «МAG» корпорациясы арасындағы қаржылық келісімшарттың орындалмауына қатысты мәселе бар. Екіншісі – Дінмұхаммед Ыдыдырысовқа тиеселі «ДК-Инвестмент» серіктестігіне «Инженерлік қолдау» құрылыс компаниясы мен «Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамы акцияларының 80%-ын қайтарып беру туралы шағым да бар. Соңғы арыз қалалық полиция депараментіне 2 мамырда (02.05.2019 ж.) түскен.

Қазір Алматы қаласы Полиция департаменті банк қаржысын ұрлады және тиісті акцияларды қайтарып бермеді деген талап бойынша жауапты тұлғаны қамауда ұстауды тағы бір айға ұзарту туралы прокуратураға талап-арыз түсірген.

«Жоғарыда аталған деректерге қарамастан, Алматы қаласы Полиция департаменті прокуратураның қадағалауымен ешбір дәлелсіз және тек Ыдырысовтың куәлігінің негізінде қылмыстық істі тергеп, 27.11.2019 жылы Рейімовты қамауға алу туралы қаулыны шығарып, оны алғашқы кезде уақытша ұстау изоляторына, кейін тергеу изоляторына жіберді. Рейімов 5 күн бойы заңсыз қамауда ұсталды. 1,5 ай бойы қамауда отырғанымен, осы күнге дейін  Қайрат Рейімовке қатысты ешқандай тергеу әрекеті жүргізілген жоқ. Қ.Рейімовтің кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтарға қарамастан, полиция қызметкерлері заңбұзушылықты тоқтату шараларын өзгертпей, керісінше Қ.Рейімовті үш айға дейінгі мерзімге ары қарай қамауда ұстау туралы қаулы шығарды», - дейді адвокат.

Осылайша Алматы қаласы Полиция департаменті азаматтық-құқықтық сипаттағы және коммерциялық дау түріндегі жағдайға қатысты қылмыстық қудалауды сегіз ай бойы тоқтатпай келеді. «Енді біз Мемлекет басшысы мен тиісті органдардың басшыларынан көмек күтеміз. Атап айтқанда, Қазақстан Бас прокурорына, Қазақстан Ішкі істер министріне кезекті үндеуімізді жолдадық», деді ол.

Айта кету керек, «Инженерлік қолдау» ЖШС 2014 жылдың 20 наурызындағы бағалы қағаздарды сатып алу және сату шартына сәйкес «ДК-Инвестмент» ЖШС-ға (Д. Ыдырысовтың компаниясы) «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 39% акциясын қабылдап алуға қатысты бірнеше мәрте өтініш жолдаған болатын. Алайда, «ДК-Инвестмент» ЖШС 39% акцияны қосып алу туралы бұйрықты бағалы қағаздар тіркеушісіне жіберу уақытын созып, осылайша акцияларды өз балансына қабылдамады. Осы деректерді айғақтайтын барлық құжаттар мен хаттар Д.Ыдырысовта және тергеуші Т.Қалиевта бар. «Біз Бас прокурор мен Ішкі істер минситрінің осы деректерге назар аударуын сұраймыз», делінген аталған үндеуде.

Сондай-ақ, адвокат Сәлімжан Мусин екі іс бойынша да қылмыстық құрамның жоқтығын айғақтайтын құжаттарды БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетке жолдағанын мәлімдеді.

«Біз БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетке шағым жазуға мәжбүрміз. ҚР мемлекеттік органдарының әрекетін халықаралық ұйымдар тексеруі керек деп ойлаймыз. Қазақстан Үкіметіне олардың тарапынан үндеу болады деп үміттенеміз. Себебі біз заңсыз қудаланып отырған адамның құқығын қорғайтын жергілікті органдардың барлығына бұған дейін де хат жазып, тіпті кейбірімен кездестік. Алайда қадағалаушы және тергеу органдарының заңсыз әрекеттеріна құқықтық баға берілген жоқ. Ертең біз министр Ерлан Тұрғымбаевпен онлайн конференция арқылы тілдесіп, осы мәселені тағы да қозғамақпыз», - дейді адвокат.

Рейімов қамауға алынған соң, Алматы қаласының метро құрылысын жүргізіп жатқан компания өкілдері жағдайдың өзгергенін айтады. «Алматыметроқұрылыс» компаниясының басқарушы директоры Батыр Адайбаев қаржыландырудың бұрынғыға қарағанда азайғанына шағымданды. Екі бірдей станцияның құрылысын жүргізіп жатқан құрылысшылар арасында жұмыстан шығу да жиілеген.

«Менің білуімше, компанияның есеп шоттары бұғатталған жоқ, акционерлік қоғамның акцияларын бұғатталған. Құрылыс жүріп жатыр. Республикалық бюджеттен түскен қаражат тапсырыс беруші «Алматыметрополитен» компаниясына, сосын бізге түседі. Жалақы желтоқсан айында толық берілді. Қазір жұмысшылар саны 700 адамға дейін қысқарды», - дейді метро құрылысын салып жатқан кәсіпорын өкілі.

Оқи отырыңыз: Миллионер Ыдырысов «Алматыметроқұрылыстың» акциясына таласып жатыр

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады