$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы балалар ауруханасына түскен екі жасар бүлдіршін балалар үйіне жіберілмек

Сәби өзге пациенттермен бірге №2 Балалар ауруханасындағы гематология бөлімшесінде жатыр

Алматыдағы балалар ауруханасына түскен екі жасар бүлдіршін балалар үйіне жіберілмек
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы №2 балалар ауруханасында екі жастағы бала қараусыз қалды. Ол ауруханаға өткен жылдың қыркүйек айында түскен. Сол уақыттан бері оны ата-анасы әлі күнге дейін алып кетпеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған мәселеге қатысты Алматы қалалық денсаулық басқармасы түсініктеме берді. Белгілі болғандай, 2021 жылдың 22 қыркүйегінде Әуезов аудандық ІІБ патрульдік қызметі №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына 2020 жылы туған баланы жеткізген. Алайда бүлдіршіннің ешқандай құжаты болмаған. Әкесі – Т.есімді, 1985 жылы туған, жұмыссыз, тұрғылықты жері жоқ.

«Бала ауруханаға түскеннен кейін және қазіргі уақытқа дейін барлық пациенттермен бірге №2 Балалар ауруханасындағы гематология бөлімшесінде жатыр. Жұқпалы аурулардан қорғау мақсатында балалар палаталарда ұсталады. Бала манежде, оны кіші қызметкерлер қарап жүреді. Бөлімшелерде температуралық норма сақталған, палаталар жылы. Тамақтандыру режим бойынша беріледі», - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Рауан Оқастың айтуынша, бала клиникаға түскен кезде барлық тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде ешбір патология табылмаған. Өз кезегінде бүлдіршіннің ата-анасы барлық құжаттарды рәсімдегеннен кейін баланы алып кететіндерін айтқан.

«Осы уақытқа дейін олар бірде-бір құжат әкелмеді. Қазіргі уақытта клиника қызметкерлері баланың атын қою туралы акт жасап, туу туралы куәлікті ресімдеуге өтініш жіберді, содан кейін оны балалар үйіне жібереді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары