ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

ҰБТ-ның ашық өтуін жемқорлыққа қарсы агенттік бақылайды

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге қоғамдық бақылау жүргізіледі

Тестілеу ашықтығы мен объективтілігіне қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының өкілдері жұмылдырылады.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің 13 қаңтардағы Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе өткізген жиынында айтылды.

Айта, кетейік 2020 жылдағы алғашқы ҰБТ 16-20 қаңтар аралығында 99 жерде өткізіледі. Одан кейін наурыз, маусым, тамыз айларында болады. Түлектер білім беру грантының конкурсына қатысу үшін маусым айында болатын ҰБТ-дан өтуі қажет.

Тестілеуге қатысуға құжаттарды қабылдау 2019 жылы 1-15 желтоқсан аралығында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылған. Оған 95 мыңнан аса адам өтініш берген.

ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде 594 адамнан тұратын ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссиялар құрылды. Мемлекеттік комиссияның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді.

ҰБТ үшін 820 аудитория дайындалған. Барлық аудиториялар ұялы байланыс құралдарының жұмысын «сөндіретін» және бейне-бақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Тегтер: