КВИ таралуы бойынша Қызылорда облысы «сары» аймаққа енді
Өткен тәулікте республика бойынша 9 475 адам коронавирус жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 30 қаңтарда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қызылорда облысы «сары» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матрица бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта: Қызылорда облысы;
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 9 475 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 1 057 783 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 18 адам көз жұмды.