$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған топ ұсталды

Қылмыстан кейін күдіктінің бірі қаруды үйіне жасырған

Кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған топ ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Қарағандыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған топ ұсталды. Баспанаға баса-көктеп кіргендер тапаншадан оқ жаудырып, қарсылық көрсеткен үй иесін пышақтап, алтын бұйымдарын қолды қылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

22 қаңтарда тапа-тал түсте 46 жаcтағы кәсіпкердің үйіне басып кіргендер алдымен тапаншадан оқ атқан. Қылмыстан кейін күдіктінің бірі қаруды үйіне жасырған екен. Алайда тапаншадан сескенбеген үй иесі бетперде киген екеумен алысыпты. Ақыры пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Қарақшылар үйден ақша таппай, құны екі жарым миллион теңгеден асатын бұйымдарды ұрлаған. Араға аз уақыт салып ұсталғанымен, күдіктілер бағалы заттардың біразын сатып үлгерген. Қылмысты кәсіпкердің мекемесінде жұмыс істейтін қызметкері ұйымдастырыпты.

«Ол қасындағы сыбайластарына кәсіпкер туралы ақпарат беріп, қылмыс жасау кезінде сыртта көлікте күтіп тұрған. Қылмыскерлердің үйіне тінту жүргізгенде полиция қызметкерлері айғақ зат ретінде тапанша және алтын бұйымдардың жартысын тәркіледі», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Серіктес жаңалықтары