$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандылық кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген ипотека беріледі

Ол үшін облыстық бюджеттен бір миллиард теңге қаржы бөлінген

Қарағандылық кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген ипотека беріледі
Фото ашық дереккөзден

Қарағандылық кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген ипотека беріледі. Жаңа тұрғын үй бағдарламасына Теміртау, Қарағанды, Шахтинск, Саран және Абай қалаларындағы шахта мен комбинат жұмысшылары қатыса алады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Ол үшін облыстық бюджеттен бір миллиард теңге қаржы бөлінген. Жеңілдетілген ипотека 5 жыл бойы жүзеге асырылады. Биыл 70 жанұя баспаналы болады. Жергілікті билік бұл бастаманы «Отбасы банкімен» бірлесіп қолға алған. Несие үстемесі 5 процентті құрайды. Қарыз бастапқы жарнасыз, 19 жылға дейін беріледі. Бірақ пәтер құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұл шектеу мұқтаж жандарды неғұрлым көбірек қамту үшін жасалып отыр, – дейді мамандар.

«Тізімді жергілікті кәсіподақ комитеттері жинақтап, біздің «Отбасы банкке» тапсырады. Өздерінің қаражаттарының мүмкіндіктері бойынша «Отбасы банк» тексеріп, жаңағы азаматтар ипотека ала алады тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін. Екінші деңгейлі үйлерден де алуға болады, бірінші және екінші үйден болуы мүмкін. Бес қаланың көлемінде үй алуға болады», - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.
 

Серіктес жаңалықтары