Шымкентте пәтер алып беремін деп жұртты алдаған ер адам ұсталды

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Шымкентте пәтер алып беремін деп жұртты алдаған ер адам ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте пәтер алып беремін деп жұртты алдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, бұрын-соңды таныс емес азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алуға көмектесемін деп сендіріп 200 мың теңгесін алған. Алайда ер адам арадағы уәдені орындамай, телефонға жауап бермей “ізін суытқан”.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Еңбекші АПБ криминалды полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті тұрғын ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол 45 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Сондай-ақ, шымкенттік полицейлер азаматтың бұдан өзге алты тұрғыннан алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Яғни, оларға да үй алып беремін деп жалған сөздерімен сендірген. Бұл ретте жәбірленуші тұрғындар өз ақшасын қайтарып алу мақсатында полицияның көмегіне жүгінді.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.