25.01.2022, 00:46
Жаңалықтар
Жаппай тәртіпсіздік кезінде ломбардтан 300 млн теңгенің бұйымдарын ұрлағандар ұсталды
Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Қызылордада ломбардтан 300 млн теңгеге бұйымдар ұрлаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде Қызылорда қаласында орналасқан “Ломбард” мекемесінен жалпы құны 300 млн теңге болатын алтын бұйымдар ұрланған. Орын алған дерек бойынша ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелген.
Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды