Жұмысқа орналастырамын деп мұғалімді алдаған алаяқ әйел сотталды

Azattyq Rýhy

Күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды

Жұмысқа орналастырамын деп мұғалімді алдаған алаяқ әйел сотталды
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында мұғалімді алдаған алаяқ әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

 Алаяқ әйел мектепке жұмысқа орналастырамын деп алдын-ала қаражат алған. Өз қызметі үшін әр жұмыс іздеушіден 750 мың теңге сұраған. Алаяққа ақша берген жас маманның бірі жұмысқа орналаса алмаған соң полицияға арыз жазған.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданған. Күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

«ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі, 4-бөлімімен іс қаралды. Оның бұрын сотталғаны ескеріле отырып, Мұнайлы аудандық сотымен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - дейді  Мұнайлы Аудандық сотының судьясы Берік Өтеев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.