$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.01.2020, 17:35
Жаңалықтар

Сот Оксана Теннің өтінішін қанағаттандырмады

Оксана Тен спортшыға қастандық жасалғанда оқиға орнында болған полиция қызметкерлерін жауапқа тартуды сұраған болатын

Сот Оксана Теннің өтінішін қанағаттандырмады

Алматы қаласы ауданаралық тергеу соты фигурист Денис Теннің анасы берген талап арызды қанағаттандырмады. Бұл ақпаратты  Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Денис Теннің анасы қайтадан тергеу жүргізуді сұрап, өз адвокаттары арқылы сотқа талап арыз жазған. Бүгін Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты шығарған қаулыда О.Теннің өтініші қанағаттандырылмағаны туралы айтылған.

«Енді жәбірленуші тарап аппелияциялық сотқа ішінара  шағымдануға құқылы. Үш тәулік ішінде Алматы қалалық сотына қайтадан талап арыз беруге болады», - делінген сот қаулысында.

Оксана Тен Олимпиада жүлдегеріне пышақ салынған күні оқиға орнынан өтіп бара жатқан патрульдік полиция инспекторларын айыптап отыр. Ол 2018 жылы шілдеде полиция қызметкерлері өлімнің алдын алуға болар еді деп есептейді.

«Тәртіп сақшыларының салғырттығы адам өміріне қауіп төндіруге түрткі болған. Сондықтан олар да тиісті жауапқа тартылсын»,- дейді спортшының анасы. 

Денис Тенді өлтірген қылмыскерлердің үстінен жүрген сот барысында  қалалық полиция департаментінің екі қызметкеріне қатысты бөлек іс қозғалған болатын. Бұл істі қараған Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы қалалық департаменті процессуалдық шешім қабылдаған. Қайғылы оқиға кезінде патрульдік қызметте болды делінген инспекторлардың үстінен қозғалған қылмыстық іс 2019 жылы наурызда тоқтатылған.

Айта кетейік, Айта кетейік, 2018 жылы шілденің 19-ында мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді көлік ұрылары пышақтап кеткен еді. Көп қан жоғалтқан спортшы сол күні ауруханада көз жұмды. Теннің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталған. Олардың  екеуі 18 жылға, ал тағы бір әйел адам 4 жылға сотталған болатын.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Денис Тен #сот