Кореяда сотталған Қазақстан азаматы сот шешіміне аппелияциялық шағым түсірді

Azattyq Rýhy

Қазақстандық азаматтың адвокатының айтуынша, жәбірленуші бала бағдаршамы жоқ, жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жерді кесіп өткен

Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы қағып кетті деп айыпталған Қазақстан азаматы сот шешіміне аппелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы бүгін журналистерге Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді.

«Кішкентай баланы көлікпен қақты деп айыпталған Қазақстан азаматына екі жарым жылға жаза кесілді. Қазір ол өз құқығын пайдаланып, апелляциялық шағым түсірді. Оның адвокаты барлық құжаттарды дайындап, жазаны қайта қарауға өткізді», - деді бұл туралы А. Смадияров.

Еске салайық, 2019 жылдың16 қыркүйегінде Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы көлігімен қағып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін ол Павлодар қаласында ұсталып, кінәсін мойындады. Жарақат алған балаға операция жасалды.

Кінәлінің адвокаты Чой Хак Сенің айтуынша, 7 жастағы бала жолды бағдаршамы жоқ, жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жерді кесіп өткен. Ал көлік жүргізушісі жәбірленушіге көмек көрсетіліп жатқанына көзі жеткен кезде ғана оқиға орнынан кеткен. Бірақ жәбірленуші баланың ата-анасы Қазақстан азаматын кешірмей, оның ата-анасымен кездесуден де бас тартты.

Жақында Чанвон округінің соты 21 жастағы қазақстандық А есімді азаматтың көлікпен адам қаққаны үшін және лицензиясыз көлік жүргізгені үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат