$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.01.2020, 11:22
Жаңалықтар

Арқалықта колледж директоры ақша жымқырғаны үшін сотталды

Колледж директорына 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Арқалықта колледж директоры ақша жымқырғаны үшін сотталды

«Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді», - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен Асқар Сәбитбекұлы Оспанов бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 млн. 864 мың 950 теңге сомасында айыппұл салынды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.

Арқалық политехникалық колледжі - Қостанай облысында техникалық және кәсіптік білім беруде жетекші оқу орындарының бірі. Ал, Асқар Оспанов 1999 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Серіктес жаңалықтары