«Яндекс. Такси» қызметіне қатысты тергеу басталды

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды

Фото ашық дереккөзден

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында «Яндекс.Такси» қызметіне қарсы тергеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қосымша, жедел желі арқылы алынған шағымдар аясында агенттік Экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша «Яндекс» такси агрегаторына қатысты тергеу тағайындады», - деді Серік Жұманғарин ҚР Үкіметі отырысында.

Сондай-ақ, ол БКО тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты хабарламаларды орындамау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бас прокуратура Агенттік қызметкерлерін жұмылдыра отырып, нарықтың 102 субъектісіне қатысты, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қатысты тексерулерді бастады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.