$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда атылып өлген полицейдің ісі тоқтатылды

Ол өзіне оқ атпас бұрын самайына тапаншасын кезеніп, селфи жасаған

Жұмыс орнында атылып қалған оралдық тәртіп сақшысының өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс қысқартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады. Тергеу барысында кіші сержанттың суицид жасағаны расталған. Бірақ 20 жастағы жігіттің бұл әрекетіне не себеп болғаны ақыры жұмбақ болып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

«Осы жылдың 13 қаңтарында аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтатылды», - деді БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Лунара Аманғалиева.

Айта кетсек, кіші сержант Жаңабаевтың өзінің жұмыс орны – Орал қалалық полиция басқармасында атылып қалған болатын. Ол өзіне оқ атпас бұрын самайына қызметтік тапаншасын кезеніп тұрған сәтінен селфи жасап: «Артық кеткен сөздерім болса кешірім сұраймын» деп жазып, желіге қалдырыпты.

Ал әріптестері оның былтыр көктемде жұмысқа орналасқанын, қызметінде кінәрат болмағанын әрі өзін жақсы жағынан ғана көрсеткенін айтумен ғана шектелуде.
 

Серіктес жаңалықтары