$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ішкі нарық сұйытылған газбен қалай қамтамасыз етіледі – ВАК отырысы

Сұйытылған газды ішкі нарыққа жеткізу жоспары арқылы сату туралы шешім қабылданды

Ішкі нарық сұйытылған газбен қалай қамтамасыз етіледі – ВАК отырысы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында ішкі нарықты сұйытылған газбен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында сұйытылған мұнай газын (СМГ) электрондық сауда алаңынан (ЭСА) тыс – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде ішкі нарыққа жеткізу жоспары арқылы сату туралы шешім қабылданды.

«ҚР Ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына мұнай-газ химиясы кәсіпорындарымен және топтық резервуарлық қондырғылармен (тұрмыстық мұқтаждықтар үшін) қатар, СМГ-ны ЭСА-дан тыс сатып алуға құқығы бар субъектілердің тізімін кеңейтуді көздейтін өзгерістер енгізілді, мұндай құқыққа автогаз құю станциялары, газ желісі ұйымдары, газ толтыру бекеттері, газ толтыру станциялары ие болды», - делінген Үкімет басшысының баспасөз хабарламасында.

Энергетика министрлігі субъектілердің аталған жаңа санаттары үшін ЭСА-дан тыс ішкі нарықта СМГ-ны бөлуге уәкілетті.

СМГ көтерме және бөлшек саудада өткізудің 150-ден астам субъектісі жұмыс істейтін өңірлердің әкімдіктері осындай субъектілер арасында сұйытылған мұнай газын бөлудің өз тетіктерін әзірлеуге уәкілетті.

2021 жылғы желтоқсанда және 2022 жылғы қаңтарда бөлшек саудада өткізушілер  ЭСА-лардан сұйытылған газ көлемдерін көтерме нарық бағалары бойынша сатып алды. Биыл 5 қаңтарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатуға шекті бағалар белгіленді (өңірлерге қарай – бір литрі үшін 50 теңгеден 70 теңгеге дейін, шалғай аудандарда – бір литрі үшін 55 теңгеден 75 теңгеге дейін), сондай-ақ шекті көтерме бағасы бір тоннасы үшін 38 701 теңгеден 28 000 теңгеге дейін төмендеді.
 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Үкімет #нарық