$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мусин ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды

Министр еңбекақының жаңа жүйесін облыстағы ұжымдармен біріге отырып жасау маңызды екенін ескертті 

Мусин ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды
Фото: kyzylorda-news.kz

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Күн сайын маған азаматтардан түрлі тақырыпта жүздеген жеке хабарлама келеді, соның ішінде ұсыныстар мен идеялар, базалардағы ақаулар немесе интернетке қатысты шағымдар, сондай-ақ біздің қызметкерлердің өтінімдері де бар. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысшыларынан жалақыға қатысты біраз өтініштер кеп түсті», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бағдат Мусин ХҚКО қызметкерлеріне артылған жүктеменің өте үлкен екеніне тоқталды. Ол фронт-офистердің – мемлекеттің бейнесі, себебі ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызметтерді оффлайн алудың жалғыз көзі екенін атап өтті.

«Өткен демалыста «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығымен осы жайтты талқыладым. Адил Кожихов барлық аймақтан жұмысшыларды тарта отырып, жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым. Еңбекақының жаңа жүйесін облыстағы ұжымдармен біріге отырып жасау маңызды! 5 жылдан бері жалақысы түк өзгермеген қызметкерлер категориясы да бар. Осы мәселені жылдам жөндеу қажет. Алдағы наурызда жұмысшылар мен олардың отбасылары оң өзгерістерді сезінуі тиіс», - деді Б. Мусин.

Серіктес жаңалықтары