$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментін 500-ге жуық адам басып алмақ болған

Шекарашылар жеке құрамның күшімен шабуылшыларға тойтарыс бере алды

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментін 500-ге жуық адам басып алмақ болған
Фото ашық дереккөзден

2022 жылғы 5 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің ғимаратын 500-ге жуық адам басып алмақ болды. Олар шоқпар, дыбыстық граната және арматурамен қаруланған. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Периметр бойымен орналасқан бейне камераларды істен шығарған шабуылшылар ғимарат ішіндегі қаруға қол жеткізуді көздеген. Департаменттің нысандарын қорғауға қалған шекарашылар жеке құрамның күшімен шабуылшыларды ығыстыра алды.

Күндізгі сағат екі шамасында шабуылшылар көрші орналасқан Алматы қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының ғимаратын басып алып, оны өртеп жіберді.

Өрт сөндіру машиналары жеткенше шекарашылар өртті өз күштерімен сөндіруге кірісіп кетті және Прокуратураның 57 қызметкерін, ҚР Қорғаныс министрлігінің 2 курсантын Шекара қызметі департаментінің аумағына эвакуациялады. Дәл осылайша, шекарашылар қылмыскерлердің 7 өрт сөндірушіні тұтқынға алу әрекетіне жол бермей, оларды ШҚ департаментінің аумағында жасырды.


 

 

Серіктес жаңалықтары