$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сынақтан өте алмады». Алматы тұрғындары Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр

Халық петиция жариялады

«Сынақтан өте алмады». Алматы тұрғындары Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр

Алматы тұрғындары қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Тұрғындар арнайы петиция да жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірнеше күннің ішінде мыңдаған адам қол қойған петиция ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағытталған. Сағынтаевтың орнынан кетуін талап еткен петицияға 23 мыңға жуық адам қол қойды. Тұрғындар қиын сәтте әкімнің өздерін тастап кеткеніне наразы.

«АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САҒЫНТАЕВ МЫРЗА өміріндегі ең маңызды сынақтан өте алмады – қаладағы қиын күндерде алматылықтарға моральдық та, физикалық тұрғыдан да қолдау көрсетпегенін қатты ашумен айтамыз. Ол тіпті қарапайым эфирге шығып, алматылықтарға үндеу айтпады. Қолдау көрсетпеді. Біз әкімді 8 қаңтарға дейін көпшілік алдынан көрмедік», - делінген петицияда.

Алматылықтардың пікірінше, Сағынтаев «өміріндегі ең маңызды сынақтан өте алмаған». Әкімге наразы топ Президенттен Алматыға жаңа басшы сайлауды сұрап отыр. Қарсылық акциясын қолдап, қол қойған адам саны 23 мыңға жуықтаған. Бақытжан Сағынтаев Алматыны 2019 жылдың жазынан бері басқарып келеді. Лаңкестер Алматы әкімдігіне шабуылдап қана қоймай, Сағынтаев отырған кортежге де оқ атқан. 

«Қала әкімінің қазір әрекеті мен бұған дейінгі әрекетсіздігі қынжылтады. Сағынтаев мырза, тұрғындардың қоғамдық кеңестегі белсенділігіне, сондай-ақ қала үшін басты құндылық – балалар мен жақындарымыздың қауіпсіздігін алға қоймағанына қарамастан, өзінің күн тәртібі бойынша жұмысын жалғастыруда. Әкім мырза ең қиын сәттерде басшы ретінде өзінің дәрменсіздігін көрсетті деп ойлаймыз. Пандемия кезінде де, террористік шабуылдар кезінде де солай болды. Алматы әкімі лауазымына ашық сайлау өткізу уақыты келді деп есептейміз», – делінген петицияда.

Серіктес жаңалықтары