14.01.2022, 15:16
Жаңалықтар
Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай аяқталды
2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап төтенше жағдай күші жойылады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын», - делінген Жарлықта.
Сол сияқты Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында да осындай арнайы Жарлықпен төтенше жағдай тоқтады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді