$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында ереже бұзған жүргізуші жол апатынан қайтыс болды

Ал онымен бірге болған екі жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қарағанды облысында ереже бұзған жүргізуші жол апатынан қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды-Сарань тасжолында орын алған жол апатынан ереже бұзған жүргізуші қайтыс болды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сүйенсек, BMW X5 көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, жанармай құю бекетінің жарнамасына соғылған. Өкінішке қарай, джип көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмып, ал онымен бірге болған екі жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«Күндізгі 16:15 шамасында BMW X5 көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп жол жиегіне шығып кеткен. Нәтижесінде ол Ауди көлігімен соқтығысып, қатты екпінмен барып "Қазмұнайгаз" бекетінің ақпараттық бағанына барып соғылған», - делінген хабарламада.

Қазір қайғылы оқиғамен аяқталған жол апатының барлық себептері анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары