Елдегі эпидахуалға байланысты Қазақстанға кірудің жаңа ережелері енгізілді
Қазақстанға шетелден ұшып келетін барлық жолаушылар (соның ішінде вакцина алғандар) COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін ПТР анықтамасын ұсынуы тиіс

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 2022 жылдың 15 қаңтарынан бастап Қазақстанға кірудің жаңа ережелері енгізіледі. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанға шетелден ұшып келетін барлық жолаушылар (соның ішінде вакцина алғандар) COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін ПТР анықтамасын ұсынуы тиіс.
Анықтама материал сынамасы алынған күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтке дейін 72 сағат бойы жарамды болып саналады және ағылшын, орыс немесе қазақ тілінде жазылып берілуі тиіс.
Аталған анықтама бес жасқа толмаған балаларға ғана берілмейді.
COVID-19-ға ПТР сынамасының теріс нәтижесі болмаған жағдайда жолаушылар, соның ішінде Қазақстан азаматтары және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар ұшу әуежайынан бортқа жіберілмейді.