$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің құрметіне ескерткіш орнатылады

Қала әкімінің айтуынша, ескерткіш РЕспублика алаңында мәңгі сақталады

Алматыда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің құрметіне ескерткіш орнатылады
Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚК офицері Сәндібек Заировпен қоштасу рәсімінде шаһарда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің құрметіне ескерткіш орнатылатынын айтты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске салайық, 35-гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары подполковник Сәндібек Хаиров әкімдік ғимаратын күзетіп жүріп қаза тапқан болатын. Ол шабуыл жасалған ғимараттан әскерилерді шығарып үлгерген, бірақ өзі қашып құтыла алмаған.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қаза тапқан әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құрметіне қойылатын ескерткіш Республика алаңында мәңгі сақталады. Бұл біздің елімізді лаңкестерден қорғап, бейбітшілікті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендерді еске алу үшін ұрпақтарға арналады", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, Хайровтың отбасына материалдық көмек көрсетілетінін, пәтер бөлінетінін айтты. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.

 

Серіктес жаңалықтары