$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүлік кезінде қаза болған әскерилердің балаларына тегін білім гранттары беріледі – Аймағамбетов

Ол өз сөзінде мемлекет тарапынан мұндай қолдау қажетті шара болып саналатынына сенімділік білдірді

Бүлік кезінде қаза болған әскерилердің балаларына тегін білім гранттары беріледі – Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі бүлік кезінде қаза болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің балаларына тегін білім гранттары берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Үкімет алдында бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді. Біздің министрлік алдына сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер қойылды. Біз осы тапсырмаларды орындауға кірістік, бұл туралы өткен Үкімет отырысында баяндадым.

Президенттің тапсырмасына сәйкес қызметтерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына, жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуы үшін гранттар беру жөніндегі норманы қабылдау жоспарлануда», - деп жазды Facebook парақшасында.

Ол өз сөзінде мемлекет тарапынан мұндай қолдау қажетті шара болып саналатынына сенімділік білдірді.

«Жақында болған қайғылы оқиғалар кезінде біз олардың ерлігінің куәсі болдық, азаматтарды өз өмірлерін аямай қорғады», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары