$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда киік саны 10 мыңға артты

Киіктерді қорғау шаралары Екібастұз, Ақсу, Май және Баянауыл аумақтарында жүзеге асырылған

Павлодарда киік саны 10 мыңға артты
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында киік саны 10 мың басқа артты, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

2021 жылдың 1-31 желтоқсаны аралығында өңірде «Киік» жыл сайынғы  ауқымды акциясы өткізілді.

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мәліметінше, акция кезінде киіктерді қорғау шаралары Екібастұз, Ақсу, Май және Баянауыл аумақтарында жүзеге асырылған. Екі бекет қойылып, табиғатты қорғау органдары және инспекциямен табиғатты қорғау рейдтері жүрзілді. Сонымен қатар өңірде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК тұрақты тірек бекеті қызмет жасауда, құрамында 10 мемлекеттік инспектор бар екі топ вахталық әдіспен 15 күннен күн сайын қорғау шараларын жүргізіп отырады.

«Инспекторлар қажетті жабдықтармен қамтылған, жүріп өту күші жоғары автокөліктер және басқа да керекті құралдармен жабдықталған. Инспекция мамандары әлеуметтік желілерде киіктерді немесе олардың бөліктерін сату және сатып алу туралы хабарландыруларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп тұрады. Жануарлардың есептік көрсеткіштеріне сәйкес киіктердің саны 10 мың басқа өскені байқалады және олардың күйлері қанағаттанарлық. 2021 жылы  облыс аумағында киіктерді аулау, сақтау, өткізу немесе тасымалдау жағдайлары тіркелген жоқ», - дейді мекемеде.

Киіктерді заңсыз аулауға қолданылатын шараларды күшейту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының аумағында 2023 жылға дейін ғылыми мақсаттан басқа, киіктерді белгілі бір мақсатта пайдалануға тыйым салды.

2021 жылдың 27 қазанында Қазақстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы және Өзбекстан жануарлардың көшіп-қонатын түрлерін сақтау бойынша Бірлескен Ұйымдар Бірлестігінің тұжырымдамасына сәйкес киіктерді сақтаудың жаңа шараларын келісті.

Серіктес жаңалықтары