13.01.2022, 12:06
Жаңалықтар
Қарағандыда бір тәулікте 34 қылмыстық іс тіркелді
Оның 19-ын полицейлер ашты
Фото ашық дереккөзден
Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде ішкі істер органдарына 34 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, полиция қызметкерлерімен оның 19-ы ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін 680 әкімшілік хаттама толтырылып, 69 адам әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар 26 құқық бұзушыға айыппұл салынып, 525 тұлғаға ескерту берілді.
Төтенше жағдай режимі кезінде полиция қызметкерлерімен 45 тыйым салынған зат тәркіленді. Сондай-ақ, тоғыз факт есірткі заттарын сақтаудың жолы кесілді.
Көші-қон заңнамаларын бұзған алты шетелдік анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қарағанды облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын төтенше жағдай режимі талаптарын бұзбауға шақырады.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
01.07.2026, 09:15
Жүргізуші куәлігінің болуы, тротуармен жүрмеу, шлем: самокат айдайтындарға қатысты ереже бүгіннен бастап күшейді