$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында ТЖ талаптарын бұзушылар азаймай тұр

Аймақта коменданттық сағатты бұзғаны үшін 685 адам мен 349 автокөлік ұсталды

Павлодар облысында ТЖ талаптарын бұзушылар азаймай тұр
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында тұрғындар шектеу шараларына қарамастан коменданттық сағат пен төтенше жағдай талаптарын бұзған. Тәртіп сақшылары 1 555 адамды ұстады, оның ішінде 870-і бейбіт митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде 327 тәртіп бұзушы 15 тәулікке дейін қамауға алынды, ұсталғандардың барлығы Павлодар қаласындағы арнайы мекемелерге орналастырылды. 288 адамға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Тікелей коменданттық сағатты бұзғаны үшін 685 адам мен 349 автокөлік ұсталды. Ұсталғандарға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды.

«5 қаңтардан бастап полиция департаментінің жеке құрамы 100% қызметтің ерекше режимінде жұмыс істеуде. Бақылау-өткізу бекеттері орнатылған, облысқа кіру-шығу шектелген. Бақылау бекеттері арқылы 25046 көлік, 44 974 адам өтті. Қозғалуға рұқсат болмағандықтан 372 көлік пен 876 азаматқа кіруге және шығуға тыйым салынған», - Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жалға берілген пәтерлерді тексеріп жатыр. Полицияның мәліметінше, Павлодарда мұндай пәтерлер саны 564. Оның 527-сі тексерілді. Нәтижесінде тұрғын үйді жалға алушылар және иелері туралы толық ақпарат алынды.

Серіктес жаңалықтары