Нұр-Сұлтан мен Алматыда оқушылар онлайн оқуға көшеді
Қазіргі уақытта екі шаһарда да эпидахуал ушығып тұр

Нұр-Сұлтан қаласында мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері онлайн оқуға көшірілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қала әкімдігінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мектеп оқушылары 31 қаңтарға дейін қашықтан оқыту жүйесіне көшеді. Ал колледж және ЖОО студенттері 6 ақпанға дейін онлайн оқу форматына ауыстырылады», - дейді ол.
Сонымен қатар, Алматыда да эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты каникул аяқталған соң алматылық оқушылар онлайн оқуға көшеді.
«Алматыда 31 қаңтарға дейін мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Ал студенттер 6 ақпанға дейін онлайн форматта білім алады», - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов.