$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 7550 мектептің 58-інде интернет қосылмаған – Мәжіліс депутаты

Ауыл мектептері үшін интернет жылдамдығы қала мектептеріне қарағанда бірнеше есе төмен

Қазақстанда 7550 мектептің 58-інде интернет қосылмаған – Мәжіліс депутаты
Фото ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова сапалы интернеті жоқ ауыл мектептері үшін «Күнделік» ААЖ, «OnlineMektep» АЖ, «Mektep.edu» АЖ, «Bilimal» АЖ, «Daryn Online» платформалары қол жетімсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бірыңғай білім беру онлайн-платформасы 8 мыңға жуық мектепке, 3 млн-нан астам оқушыға және 300 мың мұғалімге бір уақытта оқу процесінің қалтқысыз жұмысын қамтамасыз етуі қажет. Алайда, бүгінгі таңда 7550 мектептің 58-інде мүлде интернет қосылмаған. 192 мектепте интернет жылдамдығының төмендігі сонша, қарапайым сайтты іске қосып, интерактивті сервисті жүктеу мүмкін емес.

«Бұдан бөлек, атап өтетін басты мәселе, ауыл және қала мектептеріндегі интернет сапасына байланысты бастапқы жоспарлау кезеңіндегі министрліктің нормативті құжаттарында әртүрлі параметрлер белгіленген. Назар аударғымыз келетіндігі, ауыл мектептері үшін интернет жылдамдығы қала мектептеріне қарағанда бірнеше есе төмен. Бұл білім беру ортасында цифрлық теңсіздікке алып келеді. Халықаралық стандарттар мен біздің ұлттық білім беру жүйемізді дамыту міндеттеріне сәйкес келмейді», - дейді депутат.

Осыған орай, ауыл мектептері және шағын жинақты мектептер үшін интернет сапасына қойылатын талаптар қайта қарастырылсын және тиісті салаға жауапты министрлік байланыс операторларымен бірлесіп, жаңа бағдарламаға сәйкес байланыс арналары мен қолда бар жабдықтардың мүмкіндіктері қайта қарастырылсын деген ұсыныс білдірді.

Серіктес жаңалықтары