12.01.2022, 15:37
Жаңалықтар
Шымкентте жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 3,5 мың адам полицияға жеткізілді
Бүгінге дейін 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Polisia.kz
Шымкентте полицияға 3,5 мың адам жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 520 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 271-і қамауға алынып, 40-на айыппұл салынды және 55 азаматқа ескерту берілді.
Қала шекараларында орнатылған блок-постарда 14 мыңнан астам автокөлік тексеріліп, тоғыз адам ұсталды. Көліктерді қарау кезінде екі газ тапаншасы тәркіленді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
