$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Субсидиялау жүйесі толық өзгереді – Ауыл шаруашылығы министрі

Саланы мемлекеттік қолдау жүйесін түзету бойынша ұсыныстар дайындалды

Субсидиялау жүйесі толық өзгереді – Ауыл шаруашылығы министрі
Фото ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша толықтай өзгерістер топтамасы әзірленуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінде сөйлеген сөзінде берген тапсырмаларын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мынадай бірқатар жүйелі шара қабылдайтын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен саланы мемлекеттік қолдау жүйесін түзету бойынша ұсыныстар дайындалды. Олар ең алдымен қолдау тетіктерін оңайлатуға, бағыттарын оңтайландыруға, шаруашылық жүргізудің мөлшері мен нысандарына қарамастан, барлық субъекті үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сондай-ақ субсидия алушылар нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу туралы қарсы міндеттемелерді міндетті түрде қабылдайтын норма енгізіледі», - деді министр.

Оның атап өтуінше, ұсыныстарды қазіргі уақытта құрылған агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс тобы қарауда. Оған салалық қауымдастықтар мен одақтардың, агробизнестің, ғылымның, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары кірді. Бүгінгі таңда жұмыс тобының үш отырысы өткен.

Серіктес жаңалықтары