$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ForteBank-тың басшысы болып латыш банкирі тағайындалды

Рейнис Рубенис соңғы 25 жыл бойы Еуропаның қаржы нарықтарында жұмыс істеп келген

ForteBank-тың басшысы болып латыш банкирі тағайындалды

ForteBank-тің Басқарма төрағасы болып Рейнис Рубенис тағайындалады. Банктің Директорлар кеңесі жаңа басшының кандидатурасын бірауыздан мақұлдаған. Ал, бұған дейін басшы Басқарма төрағасы болған Шолпан Нұрымбет басқарма төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі ретінде қызметтін жалғастырады.

«Рейнис Рубенис соңғы 25 жыл бойы Еуропаның қаржы нарықтарында жұмыс істеп келген, ол компанияларды жетекші орындарға шығаратын тәжірибелі және тиімді басқарушы тұлға ретінде танымал», - деп хабарлады ForteBank-тің баспасөз қызметі.

Соңғы 14 жылда Рейнис Латвиядағы ең ірі банк Swedbank-те қызмет атқарды, оның ішінде 5 жыл Басқарма төрағасы қызметінде болды. Сондай-ақ, Рейнис Nasdaq Латвия директорлар кеңесінің мүшесі және Латвияның орталық депозитарийі директорлар кеңесінің мүшесі болды.

«Рейнистің жоғары бәсекелес нарықтарда жетекші қаржы институттарын құру және едәуір кәсіби сараптама жасау тәжірибесі бар. Рейнис өзінің көпжылдық мансабында оның мықты тұсы нарық қатысушыларымен, реттеушілермен және серіктестермен өзара тиімді қарым-қатынас орнату қабілеті екенін дәлелдеді. Оның тәжірибесі мен күш-қуаты банкке өз клиенттері үшін ең жақсы тұтынушылық тәжірибе қалыптастыруға көмектеседі және бүкіл команданы табысқа жетелейді», - деді ForteBank мажоритарлық акционері Болат Өтемұратов.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ForteBank