12.01.2022, 09:27
Жаңалықтар
Елімізде бүліктің салдарынан бизнеске 103 млрд теңгеден астам шығын келді
Елдің 11 өңірінде 1885 нысанда орналасқан 1615 бизнес зардап шекті
Фото: Facebook/Антон Гордеев
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске келтірілген шығынға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Байланыс орталығына 4 833 қоңырау түсті.
Оның ішінде:
- Мародерлық мәселелері бойынша – 1988;
- форс-мажор – 246;
- блок-бекеттер – 2;
- зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17;
- бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271;
- жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946.
Елдің 11 өңірінде 1885 нысанда орналасқан 1615 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1771 нысанда орналасқан 1506 субъект.
- Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482;
- қоғамдық тамақтану – 44;
- қаржы секторы – 61;
- логистика – 23;
- БАҚ – 5.
Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге).
Аймақтар:
- Алматы қаласы;
- Алматы облысы;
- Шымкент қаласы;
- Жамбыл облысы;
- ШҚО;
- Қызылорда облысы;
- Атырау облысы;
- Қарағанды облысы;
- Павлодар облысы;
- Маңғыстау облысы (қосылған аймақ);
- Ақтөбе облысы (қосылған аймақ).
Көп оқылған
13.09.2026, 21:23
«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес»: танымал әнші басына түскен ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)
13.09.2026, 17:34
Өз үйін шатастырып алған: Қосшыда тұрғындардың мазасын алған 46 жастағы азамат ұсталды
13.09.2026, 13:15
Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды
13.09.2026, 07:27
Головкин әлемдік спорт қауымдастығында тағы бір қызметке сайланды
13.09.2026, 20:16
Өскеменде Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамның мәйіті бірнеше аптадан соң табылды
13.09.2026, 23:07
Семейде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды (ВИДЕО)