Алматы көшелерінен 250 тонна қоқыс шығарылды
Коммуналдық қызметтер әскери қызметшілер залалсыздандырған аумақтарды тазартады

Террорлық шабуылдан кейін Алматыда Республика алаңы мен қалалық әкімдік маңы қоқыстан тазартыла бастады, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Қалада арнайы техника мен жүздеген адам қызу жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық қызметтер әскери қызметшілер залалсыздандырған аумақтарды тазартады. Кешеден бері аулалардан 950 тонна тұрмыстық қалдық, көшелерден 250 тонна қоқыс шығарылған. Жоспар бойынша қала ертең толықтай қалдықтан арылады. Құқық қорғау органдары да өз міндеттерін орындауды жалғастырып жатыр.
"Коммуналдық кәсіпорындар көше тазалаумен айналысып жатыр. 300-ден астам арнайы техника және 700-ге жуық адам көшені тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кеше көше бойындағы қалдықтар толықтай тазаланды", - деді қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Елдос Жалғабаев.