Шығыс Қазақстанда орманда адасып кеткен 61 жастағы ер адам табылды

Azattyq Rýhy

Құтқарушылар азаматты үйіне жеткізді

inform.kz

Шығыс Қазақстан облысында орманда адасып кеткен 61 жастағы ер адам табылды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сүйенсек, 9 қаңтарда сағат 21.00-шамасында құтқарушыларға 61 жастағы ер адамның «Боровлянка» демалыс базасына қарай жылқысын іздеуге шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткені туралы хабар түскен. Озерки ауылынан екі туысы атқа мініп алып оны іздеуге шыққан.

 «Көп ұзамай ТЖД қызметкерлері көмекке келіп жетті. Олар Новопокровка ауылынан 5 шақырымдай жердегі орманнан ер адамды тауып алды. Құтқарушылар оны үйіне жеткізді. Азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына дауылды ескерту кезінде алыс жолға шықпау қажеттігін ескертеді.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.