Онлайн алаяқтар Kaspi24-пен байланысты жалған Telegram-ботты жарналамауда
Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру мақсатында «Kaspi24» сөзін қолданған

Елімізде онлайн алаяқтар Kaspi24 сөзін қолдану арқылы Telegram-ботты жарнамалауда. Оны пайдалану арқылы адамдарға оңай және тез ақша табудың жолы ұсынылады. Алайда бұл шындыққа жанаспайтын жарнама, деп хабарлайды Azattyq Rýhy stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Telegram-ботты пайдалана отырып, адамдардың тез әрі оңай ақша табуға болатындығы туралы жарнама тарады. Оған қосылу үшін 1000 теңге төлеу керектігі көрсетіледі. Алайда белгілі болғандай, бұл жалған ақпарат. Сондай-ақ, алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру мақсатында «Kaspi24» сөзін қолданған.
«Kaspi.kz конкурстар, ұтыс ойындарын немесе сауалнамалар өткізбейді. Егер басқа парақшадан осы жайлы хабарлама немесе пост көрсеңіздер, сенбеңіздер, бұл өтірік! Біз акциялар туралы Kaspi.kz ресми аккаунтында жариялаймыз. Ол верификацияланған және атауымыздың жанында көк белгі бар. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін күмәнді шараларға қатыспаңыздар. Kaspi қызметкерлері карта деректерін, SMS-код немесе құпия сөздерді сұрамайды. Егер біреу сізден осы ақпаратты талап етсе – бізге жазыңыздар. Біз тиісті шаралар қабылдаймыз», - деп хабарлады Kaspi.kz PR-қызметі.