Владимир Путин: ҰҚШҰ әскери күші жағдай тұрақталған соң міндетті түрде елден шығарылады
Путин мен Лукашенко Қазақстандағы қайғылы оқиғалардың себебін атады

Ресей мен Беларусь президенттері террорлық әрекеттердің басты мақсаты – Қазақстандағы билікті басып алу болғанын айтты, деп мәлім етті Azattyq Rýhy.
Беларусь президенті Александр Лукашенко онлайн форматта өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысында сөз сөйлей отырып, Қазақстанда орын алған оқиға халықаралық терроризмнің қауіпті екенін анық байқатты.
«Экстремистердің мақсаты – Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандырып, хаос орнату және қазіргі билікті ысыру үшін соғыс бастау болғаны анық», - деді Лукашенко.
Ресей Федарациясының президенті Владимир Путин болса ҰҚШҰ әскери күші Қазақстаннан кететінін мәлім етті.
«Қазақстандағы жағдай тұрақталған соң, олар міндетті түрде елден шығарылады», - дейді Путин.