Еліміздің кей аймағында күн жылынып, аяз бәсеңдейді

Azattyq Rýhy

Алайда синоптиктер елде жел күшейе түсетінін айтады
 

Фото: pixabay.com

Бүгіннен бастап күн жылынып, аяздың беті қайтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірақ біраз аймақта қар жауады. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында күн ашық.

Алайда синоптиктер елде жел күшейе түсетінін айтады. Кей өңірлерде секундына 15-23 метрге дейін жетеді. Орталық және Солтүстік аймақтарда бұрқасын соғып, Оңтүстік пен Батыста көктайғақ болады. Ал елордада сынап бағанасы күндіз 15, түнде 20 градус аяз болады.

"3 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз 10-18, күндіз 3-8 градусқа дейін аязға жетсе, оңтүстік жартысында термометр бағанасы 0-5 градусқа етеді. Кей жерлерде 0-10 градус аяз, күндіз 3-13 градусқа дейін жылы болады", - деді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева. 

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.