01.01.2022, 10:31
Жаңалықтар
ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Объектілерде "Ashyq" жобасын енгізу және іске асыру жалғасады

Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан халқы арасында COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында қаулы етемін:
Объектілерде "Ashyq" жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтар;
- моншалар, сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;
- асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке;
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- өрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- әуежайлар;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
- балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
- цирктер;
- отельдер, қонақ үйлер;
- халыққа қызмет көрсету орталықтары;
- теміржол вокзалдары және автовокзалдар;
- (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық түлік емес) сауда желілері;
- сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері;
- балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
- букмекерлік конторалар;
- сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
- барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып));
- спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
- білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (мұғалімдер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
- діни объектілер;
- ойын клубтары (казино);
- "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;
- түнгі клубтар;
- банктер, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері.
2021 жылдың 31 желтоқсанында шыққан қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
17.04.2025, 07:50
Аршалыда қарт кісі үйінен шығып кетіп, адасып кеткен: ол бірнеше күннен кейін Астанадан табылды
17.04.2025, 12:16
«Кішкентай Бишімбаев» деп буллинг жасады: Астана тұрғыны Жеңіс Қасымбекке балабақшада болған сұмдық оқиғаны баяндап берді
17.04.2025, 10:29
Димаш Құдайберген қашан үйленетіні туралы сұраққа жауап берді (ВИДЕО)
17.04.2025, 11:26
Шерзаттың өлімі бойынша сотталып жатқандардың біреуі әлі мектепте оқиды