Елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам көз жұмды
Қазіргі таңда COVID-19 вирусын жұқтырған 206 адам ауыр жағдайда жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 1 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 3 адам қайтыс болды.
1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 470 адам коронавирус инфекциясынан (–14 525+ және 1 945 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 119 пациент стационарда, 14 351 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 206 адамның жағдайы ауыр,
- 72 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 48 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 30 желтоқсандағы мәлімет бойынша 34 жаңа жағдай тіркелді, 55 адам жазылып шыққан, 1 өлім жағдайы тіркелді.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 84 205;
- өлім жағдайы – 5 216;
- барлығы 77 044 адам сауығып шықты.