01.01.2022, 01:56
Жаңалықтар
Тараздағы алаңдардың бірінде орналасқан шырша өртенді
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Фото ашық дереккөзден
Жаңа жыл келісімен Тараздағы тарихи-мәдени кешен алаңына орнатылған жасанды шырша өртеніп кетті. Шыршаның өртенген сәтін орталыққа жиналған жұртшылық видеоға түсіріп алды.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жетті.
«2022 жылғы 1 қаңтарда сағат 00.06-да Тараз қаласында "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің алаңында жасанды жаңа жылдық шырша өрті орын алды, 15 ш.м. алаңда өрт 00:15-те ауыздықталып, сағат 00:20-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Қызыл жалынды сөндіру үшін ТЖД-нің 14 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді