$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Президенті 2022 жылды балалар жылы деп жариялауды ұсынды

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың келешегіне баса мән беретінін айтты

Қазақстан Президенті 2022 жылды балалар жылы деп жариялауды ұсынды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтау барысында 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

«Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


 

 

Серіктес жаңалықтары