$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада пандемияға қарсы акцияны қолдау мақсатында жаңа жылдық жүгіру өтеді

Жарыс 31 желтоқсанда «Қазақ елі» монументі алаңында өтеді

Астанада пандемияға қарсы акцияны қолдау мақсатында жаңа жылдық жүгіру өтеді

Бүгін, 31 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және пандемияға қарсы акцияға арналған «Жаңа жылдық жүгіру-2022» өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа қатысуға тілек білдірушілердің бәрі шақырылады. Бағдарламада жаппай жүгіру және скандинавиялық жүріс бар. Негізгі қашықтық – 2022 метр.

Жарыстың басты мақсаты – елордада бұқаралық спортты дамыту, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және пандемияға қарсы бұқаралық спорттық акцияларға қолдау көрсету.

Жарыс 31 желтоқсанда «Қазақ елі» монументі алаңында өтеді. Басталуы 23:00-де, ал старт уақыты 23:20-да.

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырады.

Серіктес жаңалықтары