10.01.2020, 09:25
Жаңалықтар
Иран украиналық ұшақты қателесіп атып түсірген болуы мүмкін – БАҚ
Канада билігі ұшақ апатына қатысты жауап беруді талап етіп, қайғылы жағдайды жан-жақты тексеруге шақырды
Фото: reuters
Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Тегеран маңында болған ұшақ апатына Иранды кінәлап отыр. Бұл туралы BBC хабарлайды.
«Бізде ұшақты ирандық зымыран атып түсіргені туралы көптеген дерек көздері бар. Мұны қателесіп жасауы да мүмкін», - деп мәлім етті Джастин Трюдо.
Канада билігі ұшақ апатына қатысты жауап беруді талап етіп, қайғылы жағдайды жан-жақты тексеруге шақырды.
8 қаңтар күні Тегеранда украиналық ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 170 жолаушының бәрі қайтыс болды. Әуе апатынан Канаданың 63 азаматы көз жұмды.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да осыған ұқсас мәлімдеме жасады.
Көп оқылған
13.09.2026, 21:23
«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес»: танымал әнші басына түскен ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)
13.09.2026, 17:34
Өз үйін шатастырып алған: Қосшыда тұрғындардың мазасын алған 46 жастағы азамат ұсталды
13.09.2026, 13:15
Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды
13.09.2026, 20:16
Өскеменде Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамның мәйіті бірнеше аптадан соң табылды
13.09.2026, 23:07
Семейде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды (ВИДЕО)