Жемқорлық фактілерін хабарлаған 9 адамға 1,5 млн теңге берілді
Call-орталық арқылы жиі өтініш беретін Түркістан облысының тұрғындары екен
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев айтты.
«Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған, белсенді азаматтық ұстанымдағы ел тұрғындарын көтермелеу тәжірибесі жолға қойылған. 2019 жылы Call-орталық арқылы келіп түскен өтініштер бойынша соттарда қаралған қылмыстық істер бойынша, 9 азаматқа жалпы сомасы шамамен 1,5 млн. теңге (126 250 теңгеден 176 750 теңгеге дейін) берілді», - деді департамент басшысы.
1424 Call-орталығына ең көп өтінішпен шығатын өңір Түркістан облысы екен (148). Алматы облысынан – 137, Алматы қаласынан – 112, Шымкент қаласынан – 84, Нұр-Сұлтан қаласынан – 76, Жамбыл облысынан – 63, Қарағанды, ШҚО, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облыстарынан – 30-дан 50-ге дейін, Қостанай, Ақтөбе, БҚО, СҚО, Қызылорда, Атырау облыстарынан – 20-дан өтініш келіп түскен.