$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мектеп оқулығында Шәкен Ниязбековтің тегі Ниязбаев деп жазылған – депутат

Ол депутаттық сауалын екінші рет жолдады

Мектеп оқулығында Шәкен Ниязбековтің тегі Ниязбаев деп жазылған – депутат

Өткен жылы 2 қарашада Мәжіліс депутаттары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдаған болатын. Онда білім беретін қазақ мектептерінің 4-сыныпқа арналған орыс тілі оқулығында кеткен қателіктер туралы жазған. Бірақ Білім және ғылым министрлігі бұл мәселеге нақты жауап бере алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс отырысында депутат Мейрамбек Төлепберген оқулықта нақты қандай қате жіберілгенін атады.

«2019 жылы Алматы кітап баспасынан 260 мың тиражбен шыққан оқулықта мемлекеттік рәміздер авторларының аты-жөнінде өрескел қателіктер орын алған. Біріншіден, мемлекеттік тудың авторы Шакен Ниязбековтің тегі Ниязбаев деп жазылған. Кейінгі екі жылда 40 мың таралымда бұл қателік түзетілсе де, мемлекеттік әнұран авторларының бірі − атақты композитор Шәмші Қалдаяқов мүлдем енбей қалған. Міне, осы мәселені көтеріп жазған депутаттық сауалымызға Білім және ғылым бірінші вице-министрінен келген жауапқа қанағаттанбаймыз. Олар жауапта министрліктің атқарып отырған жұмысын жіпке тізіп шыққан», − дейді депутат.

Мейрамбек Төлепберген оқулыққа қатысты мәселеге министрлік қайта жауап беру керек екенін айтып, депутаттық сауалды екінші рет жолдады.

Серіктес жаңалықтары