$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл елімізде интернет алаяқтар саны екі есе артты

Ресми мәлімет бойынша 17 мың іс тіркелген

Биыл елімізде интернет алаяқтар саны екі есе артты
Фото: turkystan.kz

Биыл елімізде интернет алаяқтар саны екі есе артып отыр. Бұл мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ресми мәлімет бойынша 17 мың іс тіркелген. Оның ішінде 25 мың адам 8 млрд теңгеден астам қаражатқа зардап шеккен. Осыдан жеті ай бұрын халыққа онлайн несие берумен байланысты алаяқтық оқиғаның жиілеп кетуіне қатысты нақты қабылдануы тиіс іс-шаралар тізбегін ұсынған болатынбыз. Бірақ қабылданған шаралар тізімі агенттік тарапынан жұмыс жүйеге қойылмағандығын көрсетеді. Оған нақты негіз ретінде алаяқтар тарапынан азаматтардың жеке деректерін пайдаланып онлайн несиені өзге адамға заңсыз рәсімдеу болып отыр. Бір мысал, жуырда елордалық тұрғын өзге адамдардың жеке құжаттарын пайдаланып Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларының азаматтарына 10 млн теңгеге онлайн несие рәсімдеген. Одан бөлек, алматылық жас азамат Kcell операторы тұтынушылары атынан 2 млн теңгені құрайтын 5 смартфонды онлайн рәсімдеген. Екі мысалда да мүдделі азаматтардың қатысуынсыз, оның жеке деректерін пайдалану арқылы несиенің рәсімделгенін көрсетеді», − дейді Елнұр Бейсенбаев.

Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап кез келген тұрғын өзінің SIM-картасын ЖСН нөмері арқылы өз атына тіркеуге міндеттелді. Соған қарамастан алаяқтар өзге нөмірді қолдану арқылы аталған қылмысты қиналмай орындап отыр.

«Бұл ретте, жұмыстар нақты пысықталмаған. Осы орайда агенттікке тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп онлайн несиені рәсімдеу барысында азаматтардың жеке деректерімен телефон нөмерінің оператор желісімен идентификация жасалуын енгізуді және барлық шағын қаржы ұйымдарының сәйкестендіру деректері мен алмасу орталығы ақпаратымен қолдануды ұйымдастыруды, Бас прокуратура және тиісті құқық қорғау органдарымен бірлесе жедел әрекет етуді ұсынамыз», − дейді депутат.

Серіктес жаңалықтары